Техникалық ақау салдарынан су тасқыны болатыны туралы ақпарат тараған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК өкілдері Ақмола облысында нөсер салдарынан су тасқыны болу қаупі бары туралы хабар техникалық ақаудың салдарынан таратылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құтқару қызметі («112») Ақмола облысында нөсер салдарынан тасқын болу қаупі туралы ақпарат таратты, ол - техникалық қателік. Кеше Қазгидромет Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Атап айтқанда, 18 наурызда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын болып, кей жерлерде нөсер жауын жаууына және күннің жылы болуына байланысты, еріген қар суы жиналып, шабындықтарға жайылу қаупі бар», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін 16-18 наурыз күндері Қазақстанның 9 облысында ауа райы қандай болатыны жайлы хабар берілген болатын.

Фото: 5bucks.ru

Соңғы жаңалықтар