Тегін дәрілердің берілмей қалу фактісін полиция тексереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі тексерістер нәтижесін құқық қорғау органдарына тапсырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Иә, өкінішке қарай қалып қалған препараттар бар, бұл түсініксіз, былайша айтқанда ол дәрілер қажетті жеріне жұмсалып, таратылған препараттар ретінде тіркелген. Аталған факті құқық қорғау органдарына тапсырылды. Неге олай болғанын және қалай болғанын нақты айтуға әлі ертерек. Біреуді жазалау үшін істің-анық қанығын білу керек. Бұл туралы ақпарат шыға салысымен сіздерге хабарлаймыз», - деді министр Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, бұған дейін ведомствоға қазақстандықтардан 600 өтінім келіп түскен. Қызметкерлер 2017 жылы тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізген адамдардың кейбіріне қоңырау шалып сөйлескен. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес пациентердің 20 пайызы дәрі алмаған, ал ақпараттық жүйелер пациенттердің дәрігерлер жазып берген препараттарды алғанын, 18 пайызы толық емес, 62 пайызы толық алғанын көрсеткен.

Министрлік деректеріне сәйкес, тұрғындарды жыл көлеміндегі тегін дәрі-дәрмекпен 95 пайыз қамтамасыз ету мақсатында препараттар сатып алынған, бірыңғай дистрибьютордің қоймаларына жеткізілген, сол жерден өңірлерге жіберілген.

Соңғы жаңалықтар