Тегеранда Ислам Республикасы ІІМ басшысы шұғыл отырыс өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран Ислам Республикасы ІІМ басшысы Тегеранда  парламентке және Хомейни имамы мавзолейіне шабуыл жасалуына байланысты шұғыл мәжіліс өткізетіні туралы хабарлады, деп жазады ИРНА. 

ИИР СІМ басшысының медиаконсультанты Рухолла Джомеи өзінің Twitter-іне Иран Республикасы ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли Тегеранда шұғыл отырыс өткізуге бұйрық бергенін жазды.

Еске салсақ, қарулы адамдар жергілікті уақыт бойынша 10.30-да Иран парламентінің ғимаратына шабуыл жасады. Шабуылдаушылардың бірі ұсталды. ИИР парламентінің қоғамдастықпен байланыс директоры парламенттегі жағдай бақылауда екенін хабарлады.

Агенттіктің мәліметіне сәйкес 4 адам Калашников автоматымен және тапаншамен қаруланған. Қала өкілі Решттің айтуынша, бір адам қаза тауып, күзет қызметкерлерінің бірі тобығынан жарақат алса, тағы екеуінің кеудесі мен қолына оқ тиген. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік және осы мәселе бойынша сыртқы саясат комиссиясының отырысы өтуде.

Соңғы жаңалықтар