Тәжікстанның оңтүстігінде 4-5 балдық жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 желтоқсан күні Тәжікстан аумағында жергілікті уақытпен 07 сағат 05 минутта жерасты дүмпулері тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі - ел астанасы Душанбеден оңтүстік-батысқа қарай 118 км, Куляб қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км қашықтықта, деп жазды «Ховар» .

Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі комитеттің мәліметтеріне қарағанда, зілзала ошағы 47 километр тереңдікте болған, ал эпицентрдегі қуаты 4,5-5 балға жеткен.  Восе қаласының маңында 4 балды құраған.

Басқа қалалар мен аудандарда сезілмеген.

Соңғы жаңалықтар