Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 330.22
EUR 388.07
RUB 5.60
CNY 49.93

Тәжікстанда президентті шығарып салар кезде әуежай басшысы қаза тапты

Тәжікстанда президентті шығарып салар кезде әуежай басшысы қаза тапты
2017 жылғы 14 қыркүйек 17:06 632

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хорога қаласының әуежай басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Дарваз ауданынан Душанбеге шығарып салып жатқан кезде қатты жарақат алып, қаза тапты, деп хабарлайды report.az.

60 жастағы Дилдор Максудшоев президент тікұшағы әуеге көтеріліп жатқан кезде оған өте жақын тұрған. Тікұшақтың ебелектері (винт - авт.) айналып ұйытқыған жел Максудшоев тұрған кілем аударып тастаған. Кілемге оралып қалған әуежай басшысы домалап барып сол маңда жатқан үлкен тасқа соғылған.
Дилдор Максудшоев басынан қатты соққы алып, ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапты. Құқық қорғау органдары болған жағдайды кездейсоқ қайғылы оқиға деп отыр.

Басты сөздер: Тәжікстан,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер