Тәжікстанда қалалық мәжіліс депутаттары сотталуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Худжанд қалалық сотында Истиколол қалалық мәжілісінің бұрынғы екі депутатына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ер адам мен әйел адам алаяқтық пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкеріне пара бергені үшін айыпталуда, деп хабарлайды news.tj .

Олар - бұрынғы депутат Равшан Хасанов пен Саодат Шарифзаде.

Бұдан бұрын, Соғды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басқармасының басшысы Карим Иброхимзода хабарлағандай, Истиколол қалалық мәжіліс депутаты Равшан Хасанов жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының қызметкеріне қылмысты жасыру үшін Саодат Шарифзаденің атынан 2 мың доллар көлемінде пара ұсынған.

Иброхимзода атап өткендей, Саодат Шарифзаде өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, жүргізушісі Акпар Исмоиловпен бірге 2013 жылы алаяқтықпен бірнеше тұрғынның сеніміне кіріп, олардан 280 мың доллар көлемінде қаржы алып, өз мұқтаждықтарына жаратқан. 

Соңғы жаңалықтар