Тәжікстан президенті Эмомоли Рахмон Ұлт көшбасшысы мәртебесіне ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан парламентінің төменгі палатасының депутаттары Эмомоли Рахмоновқа тәуелсіз Тәжікстанның негізін қалаушы мәртебесін беруге бірауыздан дауыс берді. Халық қалаулылары өткен жылдың желтоқсанында қабылданған «Ұлт көшбасшысы - мемлекет пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы туралы» заңына конституциялық мәртебе берілуін бірауыздан қолдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Азия плюс порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Депутатар сонымен қатар, аталған заңға бірнеше түзету енгізді. Олардың бірі  Тәжікстанның негізін қалаушы тұлға ретінде Эмомоли Рахмоновты мойындайды. 

Сондай-ақ осы түзетулер бойынша, елде Ұлт көшбасшысының арнайы қоры құрылып, Ұлт көшбасшысының Ордені мен Сыйақысы тағайындалады.

Түзетулердің талаптары республикалық деңгейдегі барлық салтанатты шараларда, үкімет пен парламент отырыстарында Ұлт көшбасшысы үшін заманға сай арнайы байланыс құралдарымен жабдықталған орын дайындалатын болады.

Соңғы жаңалықтар