Тайваньда қартаймайтын отбасы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде отбасы мүшелері өз жастарына қарамастан, мүлдем қартаймайтын тайвандық отбасының суреттері танымалдылыққа ие болуда.

Мысалы, интерьер дизайнері болып жұмыс істейтін 41 жастағы Люр Хью әлдеқайда жас көрінеді. Оның сыртқы келбетіне қарап 16-17-де деуге болады.

Люрдің 36 және 40 жастағы екі сіңлісі бар. Олардың екеуі де екі есе жас көрінеді. Қыздардың осындай ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік желіде олардың табынушылары көбейген.

Бойжеткендердің айтуынша, олар суды көп ішіп, көбінесе көкөніс жейді екен. Бұдан бөлек, ешқашан тәтті сусын ішпейді, деп жазады Daily Mail басылымы. 

Соңғы жаңалықтар