Тайсойған мен Қаратон-Сарқамыс кен орындарына толық барлау жүргізіледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -  «Ембімұнайгаз» АҚ мұнайшылары  Тайсойған мен Қаратон-Сарқамыс кен орындарына  толық барлау жүргізеді, барлығы 17 жаңа барлау ұңғымасы іске қосылады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.    

«Қазіргі уақытта баланста  41 кен орны бар. Қалған өндірілетін қорлар 72,8 млн тоннаға бағалануда. 40 пайызға жуығы - өндірілуі күрделі, дәстүрлі емес, тұтқырлығы жоғары мұнай. Оған қоса 2 млн тонна мұнай консервіленген кен орындарында орналасқан. Басқаша айтқанда, компанияның нақты өндірілетін қоры - 40 млн тонна», - деп хабарлады «Ембімұнайгаз» АҚ басқармасының төрағасы Әнуар Жақсыбеков.

Ә. Жақсыбековтің айтуынша, ресурстық базаны азайту компания алдына   жаңа кен орындарын іздеу, жұмыс істеп тұрғанын толық барлау  міндетін қояды.

 «Осы жылы «Ембімұнайгаз» АҚ 15 жаңа барлау ұңғымасын іске қосуды жоспарлауда. Оның ішінде перспективасы жоғары Тайсойған және Қаратон-Сарқамыс құрылымдары бар», - деп хабарлады Ә. Жақсыбеков.

Соңғы жаңалықтар