Тайландтағы жарылыс: Бірнеше әскери қызметкер ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландтың оңтүстігіндегі Паттани провинциясында болған жарылыс салдарынан төрт әскери қызметкер қаза тауып, бес адам зардап шекті. 

Bangkok Post басылымының мәлімдеуінше, сол маңнан өтіп бара жатқан жергілікті тұрғын да жарақат алған.

ТЖ жергілікті уақытпен жұма күні шамамен сағат 6:00 кезінде Тапинг ауданында болды. Аталған ауданды торуылдауға аттанған тоғыз тәртіп сақшысы бар пикап жарылыс құрылғысы орнатылған жерді басып өткен.

Жарылыс салдарынан автокөлік екіге бөлініп қалған. Қазір оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар