Тайландта жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландта базарда жарылыс болды, деп хабарлайды Reuters. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, 19 адам түрлі жарақат алған.

Белгілі болғандай, жарылыс Паттани қаласында орын алған.

«Жарылғыш зат кеспе сататын дүңгіршектің қасында жарылды. Нәтижесінде бір әйел ажал құшты. Қазіргі кезде ауданды тексеріп жатырмыз», - деп хабаролады жергілікті полицияда.

Еске ала кетейік, осыған дейін 12 тамызда Хуахин, Суратхани провинциялары мен Пхукет курортында жарылыс болған еді. Ал 11 тамызда Хуахин қаласында екі рет жарылыс болған. Салдарынан 4 адам көз жұмған еді.

 

Соңғы жаңалықтар