Тайландта үш қазақ боксшысы жартылай финалға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Бангкокта «Король Кубогы» үшін  өтіп жатқан халықаралық турнирде үш жерлесіміз жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тайланд төріндегі додаға еліміздің атынан жеті боксшы аттанған еді. Кеше ширек финалдағы кездесулер өтіп,  оның үшеуі жартылай финалға шықты.

52 келіге дейінгі салмақта Азат Махметов аустралиялық боксшы Джек Боуэнді ұтса, 69 келіге дейінгі салмақта Садриддин Ахмедов шаршы алаң иесі Саесита Апичетаны жеңді. Ұлттық құрама сапында үшінші болып жартылай финалға Ерік Әлжанов (75 келі) жолдама алды. Ол да ширек финалда тайландтық боксшы Фромтай Наттанфонды басым түсті.

Жартылай финалға шыққан үш боксшымыз кезекті жекпе-жекке бүгін шығады.

Қарсыластары:

52 келіге дейінгі салмақта - Азат Махметов - Залдивар Сантистеба Франк (Куба);

69 келіге дейінгі салмақта - Садриддин Ахмедов - Жоэль Бахо (Филиппин);

75 келіге дейінгі салмақта - Ерік Әлжанов - Иглесиас Эстрада Ослей (Куба).

Соңғы жаңалықтар