Тәйкенов параканоэден Әлем кубогының финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық параканоэшы Жалғас Тәйкенов Венгрияның Сегед қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол алғашқы іріктеу сайыстарынан кейін бірден финалға шықты. Финал ертең болады»,-деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық байдарка мен каноэ есу федерациясының президенті Денис Жарменов.

20 жасар Жалғас Тәйкенов параканоэден халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген жалғыс спортшы. Ол Ресейдің паралимпиада құрамасымен бірге жаттығып жүрген оңтүстікқазақстандық ескек есу мектебінің тәрбиеленушісі.

null

Соңғы жаңалықтар