Тәулік ішінде қар басқан республика күре жолдарынан 143 адам эвакуацияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте ауа райының нашарлауы және жолды қар басуы салдарынан 143 адам эвакуацияланды, оның ішінде 2 бала бар. Тазаланған учаскеге 88 бірлік техника шығарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысында қар құрсауында қалған 20 көліктен 54 адам эвакауцияланды. Оның ішінде 1 бала бар. Аудандық мекемелерге 5 адам жеткізілді. Еңбекші, Жақсы, Зеренді, Атбасар, Аршалы аудандарында тиісті жұмыстар жүргізілді.

ШҚО құтқарушылары Семей қаласынан 7 және 40 шақырым жерде қардан шыға алмай қалған 3 автобус пен 3 көліктен 64 адамды эвакуациялады.
null

СҚО облысының құтқарушылары Аққайың, Айыртау, Жамбыл аудандарында медициналық мекемеге үш адамды апарды, оның ішінде жедел медициналық көмекке мұқтаж 2016 жылы туған бір бала бар.

Ақтөбе облысында құтқарушылар Тассай кентінен Хромтау ауданының ауруханасына бір әйелді жеткізді.

Атырау облысының құтқарушылары 1938 жылы туған ер адамға медициналық көмек көрсету үшін дәрігерді Қызылқоға ауданы Темірбай селосына жеткізді.
null

Қостанай облысында құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар, жол-пайдалану қызметтерінің күштері қар құрсауынан 88 бірлік техниканы шығарды. Онда 151 адам болса, 14-і бала.

Диевка ауылынан Әулиекөл ауданының орталық аудандық ауруханасына медициналық көмекке мұқтаж 9 адам жеткізілді. Тағы бір адам Екідін ауылынан Арқалықтағы ауруханаға жеткізілді.

null

Соңғы жаңалықтар