Тәуелсіздік жылдарында Маңғыстауда 200-ден астам балабақша ашылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 1991 жылы Маңғыстау облысында 113 балабақша бар болатын. Кейінгі 10 жылда олардың көлемі айтарлықтай қысқарып, небәрі 32-сі ғана қалған болатын. Алайда 2007 жылдан бері мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны біртіндеп арта бастады. 10 жылда олардың саны 200-ге дейін жететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл сайын облыста орташе есеппен алғанда 15-20 балабақша ашылып тұрды. Құрылыстың шарықтау шегі 2010 жылға келді және осы жылы ашылған мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны 49-ға жетті. 2012 жылдан бастап балабақшалардың ғимараттарын мемлекет иелігіне қайтару жұмыстары жүрді. Тәуелсіздік жылдарында барлығы 210 балабақша ашылды»,-деді Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің жетекшісі Клара Құлатаева.

Оның сөзінше, бүгінде облыста 244 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар. Олардың 165-і мемлекеттік, 79-ы жекеменшік. Мектепке дейінгі білім мен тәрбиені осы уақытта 32 мың 606 бала алып жатыр. Салыстырмалы алғанда 1991 жылы 113 балабақшада 23 мың 496 бала тәлім-тәрбие алып келген еді.

null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар