Тәуелсіздік жылдарында 81 мыңға жуық атаулы кітап жарық көрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен «Eurasian Book Fair - 2018» ІІІ Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде Мемлекеттік хатшы елорда төрінде төрт күн бойы өтетін Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі барлық кітапсүйер қауымның рухани мерекесі екендігін атап өтті. Сонымен қатар таяуда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген алғашқы 18 кітап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырылғандығын айтты.

«Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда ұлттық кітап басып шығару ісі дамуының жаңа кезеңі басталды. Осы жылдардың ішінде жалпы таралымы шамамен 400 млн дана болатын 81 мыңға жуық атаулы кітап шығарылды. Тек 2010 жылдан бастап қана кітап басып шығару ісіне 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгінде баспа қызметімен 380 компания айналысады», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
null

Айта кетейік, «Eurasian Book Fair - 2018» ІІІ Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі сәуірдің 25-28 аралығында «Көрме» көрме орталығында жұмыс істейді. Биылғы көрме ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған. Көрме-жәрмеңкеге әлемнің Ресей, Ұлыбритания, Польша, Түркия, Қытай, Үндістан, Өзбекстан сынды 18 елінен 155 компания мен ұйымның өкілдіктері қатысуда.

nullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар