«Тәуелсіздік толғауы» және «Елім менің» республикалық байқаулары қорытындыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Тәуелсіздік толғауы» және «Елім менің» республикалық байқауларының лауреаттары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо порталына сілтеме жасап.

«Тәуелсіздік толғауы» республикалық байқауы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің тарихи маңызын ашып көрсететін жаңа туындылар арасында өтеді. Биыл 8-рет ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары бірнеше номинация бойынша анықталды. Өтінімдерді қабылдау жыл басында басталған болатын.

Алаш Орда қайраткерлеріне арналған үздік музыкалық шығарма (халықтық, симфониялық және камералық оркестрлерге, хор мен балет үшін):
I жүлде -  «Мән Һаят» туындысы, авторы Хабибулла Сетеков.
II жүлде -«Жандану», авторы Ілияс Қожабеков.
II жүлде -  «Алаштың асыл ұлдары», авторы Марат Ілиясов.
III жүлде - «Алаш елі», авторы Әли Алпысбаев.
III жүлде -  «Ордабасы», авторы Альберт Әлмағанбетов.
III жүлде -«Елбасы толғауы», авторы Айбек Бекбосынов.

Отбасылық құндылықтарға арналған үздік театр пьесасы (музыка-драмалық және музыкалық комедия):

I жүлде -  «Ешкім де кінәлі емес», авторы Роза Мұқанова.
II жүлде -  «Қайырымды қаладағы қарлығаштар», авторы Жолтай Әлмаш.
II жүлде -   «Туған күніңізбен», авторы Әлішер Айтуар.

Қуыршақтар театрларына арналған үздік драмалық шығарма:

II жүлде -  «Сиқырлы шапан», авторы Мәдина Төле.
III жүлде - «Ерке лақ», авторы Тілеуғазы Бейсембек.

Үздік қолөнер туындысы:

I жүлде -  «Ереуіл атқа ер салмай», Берік Бейісбеков.
II жүлде -  «Жайлау» түс кестесі, Құлжай Хұсман.
IIІ жүлде -   «Найза Үш жүз», Мадияр Жапабаев.

Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары да бірнеше номинация бойынша анықталды.

«Алаш арыстары» аталымы бойынша (отан, рухани құндылықтар, ел тарихындағы ерлікке толы кезеңдер):
I жүлде - «Құрт - бағалы тас», композиторы Дмитрий Останькович, сөзін жазған - Раиса Голубева.
II жүлде -   «О, далам», композитор Серікжан Әбдінұров. Сөзін жазған - Қ.Мырза-Әли.
III жүлде - «Туған күніңмен, Астана», композитор Әліби Әбдінұров, сөзін жазған - Виктор Правдин.

 «Ән сал, сарбаз!» номинациясы (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, ҚР Президенті Ұланының, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Төтенше жағдайлар комитетінің әскери қызметшілері туралы әндер):
I жүлде -   «Ұлы дала сарбазы», композитор Равиль Отарбаев, сөзін жазған - Үзбен Құрманбайұлы.
II жүлде -   «Қолда, Алла, жігітті», композитор Ғайния Дауылбаева, сөзін жазған - Рахат Наурызбаев.
ІII жүлде - «Танкішілер маршы», композитор Айсұлу Тани, сөзін жазған - Арасанбай Естенов.

 «Тәуелсіз елдің ұланы» номинациясы (балаларға арналған әндер):
I жүлде -   «Ауыл мен қала», композитор Дмитрий Останькович, сөзін жазған -  Жәнібек Нұрбекұлы.
II жүлде -  «Шексіз алғыс сіздерге», композитор Қалибек Деріпсалдин, сөзін жазған - Тұрғын Досмағамбетов.
IІI жүлде -   «Ала доп», композитор Әліби Әбдінұров.

Соңғы жаңалықтар