Тәуелсіздік - Мұңайтпасов көшелерінің қиылысы 30 шілде күні жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28-30 шілде аралығында бұл учаскелерде асфальтбетонды жабдықты төсеуге байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды әкімнің ресми сайты.

28 шілде күні сағат 22.00-ден 29 шілде сағат 06.00-ге дейін көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады, 29 шілде күні сағат 22.00-ден 30 шілде сағат 06.00-ге дейін көлік қозғалысына толығымен шектеу қойылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді. 

Соңғы жаңалықтар