Тәуелсіздік мерекесі күндеріне арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16-19 желтоқсанда Қазақстанның басым аумағында күн суытып, солтүстікте боран соғып, оңтүстікте тұман мен көктайғақ болады деп болжануда. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне "Қазгидромет" РМК-нің берген ресми жауабында xабарлануда.

 Болжам бойынша, 16-19 желтоқсан күндері еліміздің шығыс, оңтүстік және солтүстік өңірлеріне аяз түседі.

"Мереке күндері Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады деп болжануда, елдің солтүстігінде қар жауып, боран соғады және секундына 20 метр жылдамдықпен жел көтеріледі. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, тұман түседі және көктайғақ болады", - делінген xабарламада.

 Осы күндері ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде.

"Батыс аумақта түнде 18-26 градустан, 12-17 градус аязға дейін, күндіз 12-20 аяздан, 7-12-ге дейін. Солтүстікте түнде 15-25-тен, 10-15 градусқа дейін, күндіз 10-15-тен, 5-10 градусқа дейін. Ал оңтүстік-шығыс аймақта ауа температурасының төмендеуі байқалады: елдің шығысында 10-20 градустан, 20-25 градус аязға дейін, күндіз 5-13 градустан, 13-20 градус аязға дейін көтеріледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 0-8 аяздан, 8-13 градусқа дейін күн суытады, күндіз 2-10 градус жылыдан, 3-8 градусқа дейін аяз болады. Оңтүстікте 15 градус жылыдан 3-8 градус аязға дейін температура төмен түседі", - делінген "Қазгидромет" мекемесінің алдын ала болжамында.

Соңғы жаңалықтар