Тәуелсіздік құрдастары елордада өткен марафонға қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Құтқарушылар күніне орайластырылған «Қауіпсіздік әр үйге» спорттық марафонына 30 астам адам қатысты.

Қала әкімдігінің сайтының хабарлауынша, олардың бәрі де тәуелсіз еліміздің төл құрдастары. Шара Астаналық саябақта суда құтқару стансасының жанында өтті. Ерлер 5 км қашықтыққа, ал әйелдер 3 км жүгірді. Сондай-ақ, шара барысында өрт сөндіру техникасының көрмесі ұйымдастырылды. 

-Бүгін күн салқын, сонда да марафонды көтеріңкі көңіл күймен өткіздік. Шараға еріктілер мен «Жас құтқарушы» клубынан балалар да тартылды. Олар елорда тұрғындарына төтенше жағдайлар туралы жаднамалар таратты. Жалпы акция ТЖ саласында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, күнделікті өмірде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігін азаматтарға түсіндіруге бағытталған, - деді Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.а. Мейрамбек Қайсанов. 

Сонымен қатар, акция аясында сүңгуір -құтқарушылар судан құтқаруды іс-жүзінде көрсетті.

null 

Соңғы жаңалықтар