Тәуелсіздік күні қазақстандықтар төрт күн демалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, қазақстандықтар төрт күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Желтоқсан айында Қазақстан халқы жалпы 12 күн демалады: 5 сенбі, 4 жексенбі, сонымен қатар 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президентінің күні, 16-17 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні мерекелері демалыс күндері деп жарияланған.

1 желтоқсан бейсенбі күнге түсіп тұр және демалыс күні деп саналады. 17 желтоқсан сенбіге тұспа-тұс келгендіктен, мерекелік демалыс дүйсенбіге - 19 желтоқсанға ауысады. Осылайша, қазақстандықтар 16-19 желтоқсан күндері аралығында демалатын болады.

Соңғы жаңалықтар