Тәуелсіздік күні Атырауда 38 бала өмірге келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні Атырау облысында 38 бала дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік күні облыс бойынша барлық 16 перзентханада 38 сәби өмір есігін ашты. Енді осы күні дүниеге келген балалар қос мерекені, яғни туған күні мен елдің тәуелсіздік алған күнін қатар атап өтетін болады. Дәрігерлер мереке күні туған бөбектерге естелік сыйлықтар тапсырды», - деді облыстық перинатальдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев.

Ұлттық мереке күні өмірге келген Қазақстанның жаңа азаматтары мен олардың аналары өздерін жақсы сезінуде.

Соңғы жаңалықтар