Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -24 °С
Алматы: -9 °С
USD 324.27 EUR 398.27
RUB 5.73 CNY 50.68
Жаңалықтар

«Тәуелсіздік дәуірі»: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес өкілдік - Қазақстан халқының тарихи жетістігі

2018 жылғы 10 қаңтар 12:02 821
Поделиться:
«Тәуелсіздік дәуірі»: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес өкілдік - Қазақстан халқының тарихи жетістігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайлануы - біздің тарихи жеңісіміз. Бұл - Қазақстан халқының есеюінің айғағы, еңбек сіңірген ұлттың табысы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиясына қатысты осылай баға берілген. 

Кітапта Елбасы Қазақстан - қалыптасқан мемлекет - әлемдік саясат пен жаһандық эконмиканың толыққанды субъектісіне айналғанын атап өтеді. «Мемлекет басшысы ретіндегі менің сөздерім аса маңызды әлемдік саммиттер мен форумдарда, G8 мен G20-ны қоса алғанда, құрметпен қабылданды, ұстанған бағытымыз, бастамалар мен ұстанымдарымыз қай кезде де зор қызығушылық туғызды және маңызды шешімдер қабылданар кезде ескерілді. Осыған байланысты, 2012 жылы Интегралдық қуаттың жаһандық рейтингінде (PFA экономикалық стратегия институты) экономикалық факторлардың қатарында мемлекеттік «қатаң» және «икемді» іс-әрекеті ескеріліп, сыртқы саясаттағы жетістіктері, ішкі тұрақтылық, көшбасшының халықаралық аренадағы беделі және ұлттық қауіпсіздік деңгейі сарапталғанда Қазақстан 34-орынды иеленуі заңды еді», деп жазады Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы қазақстандық дипломаттар халықаралық ұйымдардың басшылық қызметтеріне сайлана бастағанына назар аудартады. Мәселен, БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун 2011 жылдың наурыз айынан 2013 жылдың қазан айына дейін Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ-ның Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы Бөлімшесінің Бас директоры қызметіне тағайындаған.

«Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайлануы 2016 жылы 28 маусымда Нью-Йоркте, БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өтті. Келесі күні мен халыққа өз Жолдауыммен үн қаттым. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайлануы - біздің тарихи жетістігіміз. Бұл - Қазақстан халқының есеюінің айғағы, еңбек сіңірген ұлттың табысы» деп еске алады Елбасы.

«2016 жылдың 30 маусымында БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун мені Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайлануымен құттықтады. Сайлаудағы дауыс берудің нәтижесі - бұл Қазақстанның белсенді жүргізіліп келе жатқан сыртқы саясатына берілген зор баға деп атап өтті. Болашақты дәл болжаған саясатының арқасында, Қазақстанның халықаралық біртектілігі «қалыпты» ортаазиялық формат шеңберінен асты. Қазақстан Республикасы - ірі еуразиялық мемлекет - нақты аймақта да, сондай-ақ әлемдік деңгейде де прагмативті түрде маңызды рөл атқарды. Халықаралық беделі жағынан Қазақстан 2010-жылдары-ақ әлемдегі алдыңғы қатарлы отыз елдің деңгейіне көтерілді. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып енуі  - осы деңгейдің дәлелі болып табылады», - деп жазады Елбасы кітабында.    

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған, еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.

Ал Қазақстан 1 қаңтардан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалығын қабылдаған болатын. Қазақстанның дипломатиялық миссиясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыс бағдарламасын ресми таныстырып, бекітті. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат