«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қызылордада болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі құрметіне орай «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 2016 жылғы 2 қарашада Қарағанды қаласынан жолға шықты. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өтетін республикалық акция мақсаты - ел Тәуелсіздігі жылдарындағы республиканың қол жеткізген жетістіктерін насихаттау, халықтың бірлігін нығайту, жұртшылықтың әлеуметтік және құқықтық жағдайларына назар аудару, ел дамуының базалық басымдықтарын көрсету болып табылады.

null
Сыр еліндегі сапарда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының мәжіліс залында құқық қорғау органдарының өкілдерімен  қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызының штаб  мүшесі, "Нұр Отан" партиясы қоғамдық  қабылдауының  меңгерушісі  Жұмажан Жүкенов  "Нұр Отан" партиясы Қызылорда  облыстық филиалында тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға облыстық партия филиалының басшылығы, облыстық құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, партия  белсенділері мен қала тұрғындары және БАҚ өкілдері  қатысты. Жалпы қабылдауға 30-ға жуық азаматтар келіп, заң аясында тиісті кеңестер алды.

Әділет министрлігінің өкілдерінен құралған бір топ Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, 57 азаматқа түрлі тақырыпта заң кеңестерін берді. 

null  

Жалпы, «Қызылорда қаласы» 35 елді мекен ішіндегі жиырма сегізінші бекет болып есептеледі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында  тұрғындарға зейнетақы және әлеуметтік мәселелер бойынша тұрғындармен кездесу өткізілді.

Кездесуде 12 тұрғынға әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер берілді. Оның ішінде, 7-еуі - зейнетақы мәселесі, 3-еуі - әлеуметтік көмек, 2-еуі - жұмыспен қамту мәселелері бойынша.

null  

 Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәжіліс залында тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша кеңес берілді. Тұрғындармен кездесуге ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Н.М.Жұматов қатысты.

Қабылдау кезінде кеңес алу үшін 27-ге жуық азамат түрлі мәселелер бойынша жүгінді.

 №278 орта мектебінде білім саласы бойынша бағдарламаларды насихаттайтын  лекция ұйымдастырылды. Оған Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, облыстық білім басқармасы басшысы мен облыстағы білім ошақтары басшылары қатысты. Кездесуде мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мен мемлекеттік кредиттеу жүйесі, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту туралы сөз қозғалады.

Кәсіпкерлікті қолдау орталығында  кездесуге Өңірлік даму департаментінің эксперті Данияр Сыдықов қатысып, кәсіпкерлер тарапынан 10 сұрақ қойылып, барлық сауалдарға нақты жауап берілді. Кездесуге барлығы 70 адам қатысқан.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов және пойыз мүшелерінің қатысуымен жиын өтті.

Делегация мүшелері «Тәуелсіздік сыйы» акциясы аясында облыстық кітапханаға кітаптар сыйлап, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Облысқа келген «Тәуелсіз Қазақстан» пойызында Астана, Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтың білікті дәрігерлері облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында науқастарды қабылдап, пойыз құрамында келген ангиохирург, гастроэнтеролог, гематолог, кардиолог, невролог, онколог, травматолог, офтальмолог, пульманолог, ревматолог, уролог, хирург, эндокринолог маман-дәрігерлері облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында түске дейін 162 науқасқа кеңес берді. 15 науқасқа Астана, Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтарға жолдама берілді.

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» акциясының гала-концертімен аяқталды. 

Соңғы жаңалықтар