Тау туризімін дамыту бойынша Алматы мен Грузияның ынтымақтастығы талқыланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тау туризмін дамыту жөніндегі халықаралық форумда шетелдік туристерді тарту үшін Алматы мен Грузия арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін өтіп жатқан жыл сайынғы «International Mountain Sports Festival» фестиваль аясындағы халықаралық форум барысында Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігі жанындағы Гудауриді дамыту мәселесі бойынша директор Александре Онопришвили  Алматы мен Грузия арасында ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

«Сіздердің әсем тауларыңызды көріп және орасан әлеуетті сезініп, тау туризмін дамыту саласында Алматының қабілеті өте жоғары екенін байқадық, осылайша, бірнеше бағыт бойынша ынтымақтастық орнату жөнінде идея туындады. Мысалы, біз өзіміздің тау курорттарымызда билеттер сатқанда  «Шымбұлаққа» тегін бару мүмкіндігін немесе керісінше, Алматыдан бізге келгенде де қолайлы жағдайларды жасауды қарастырамыз. Соның арқасында турситерді көп тартуға болады. Табиғи құндылық, биіктік  пен таулардың қалаға жақындығы қызықтырады. Мұндағы тамаша курорттар қала экономикасын жаңа деңгейге көтереді, өмір сүру деңгейін арттырып, туризм саласындағы бизнесті одан әрі дамытуға жаңа серпіліс береді», - деп атап өтті  А. Онопришвили.

Форумда Санкт-Петербург фристайл федерациясының вице-президенті Виктор Тимаков тау туризмін дамытуда Алматының орталық Азиядағы ең тұрақты қала екендігін атап өтті.

«Халықтың 10%-ы - маусым барысында бес рет 200 мың адамнан курортқа келсе, бұл - миллион! Ал, бұл Қазақстанның өзге өңірлерін есептемегенде, алматылық агломерация тұрғындары ғана. Мұндай  ұтымды алғышарт тіпті  әлемде де жоқ. Сіздердің тауларыңыз қанша көлемді алып жатыр. Мен туризмді дамыту ісін көпшілікке кеңінен насихаттау қажет екенін атап өткім келеді, соның арқасында қала экономикасы да артып, жаңа жұмыс орындары ашылар еді. Ресей спортшылары мұнда  келе ме? Әрине, қуана келеді. Мен бұл қалаға алғаш рет келіп отырмын,  алайда «Шымбұлақ» туралы естігенмін, достарым осында тау шаңғысымен сырғанаған. Мен сіздердің тауларыңызға  ғашықпын», - деді В.Тимаков.

Автриядан келген «Warth»  тау шаңғысы куорты мен «Warth Holding GmbH» туристік басқармасының бас директоры Гюнтер Оберхаузер  тау курортын жедел дамытудағы басты факторлардың бірі - Алматының ірі мегаполис болуы екенін атап өтті.

Оның бұл ойын  PGI Management бас директоры Джоан Виладома да кұптады,  «Андорра  -  әлемнің ең кіші 9 елінің бірі. Ал Қазақстан - әлемнің ірі 9 елінің бірі» деп атап өтті. Ол Индиядан туристер тартуды ұсынды.

«Біз Алматыда индустардың көп екенін байқадық. Олар тау  шаңғысы спортын ұнатады. Тау курорты Алматыдан 3,5 сағат қана қашықтықта. Менің берер кеңесім, бұған да назар аударған жөн!», - деді ол.

Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай  Алматыда барлық халықаралық стандарттарды ескеріп және қала экологиясын сақтап, әлемнің жетекші компанияларының тәжірибесі негізінде тау туризмін арттыруға ерекше мән берілетінін айтты. Бастапқы кезеңде қала тұрғындары арасында  тау спорты түрлерін  дамытуға назар аударылады, өйткені тауға келушілердің  80%-ы Қазақстан тұрғындары. 

Соңғы жаңалықтар