Тау көшкіні: Көлсай көлдеріне жаңа жол салынуы мүмкін

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Көлсай көлдеріне қарай жаңа автомобиль жолдарын салуды тапсырды. Қазір құзырлы орган мамандары осы мәселені пысықтауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкім тапсырмасын жүзеге асыруға облыстық автомобиль жолдары және жолаушы тасымалы басқармасының мамандары іске кірісті. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, жуық арада айналма жолдың ең тиімді жобасы жасалмақ.

«Жол салуға қажет қаржы төтенше жағдайларға арналған қордан бөлінуі мүмкін. Егер керек сома көлемі аз болса қаражат жергілікті мәслихат шешімімен бюджеттен қарастырылуы да мүмкін»,- деп атап өтті баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар