Татарстанда халықаралық түркология конференциясы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстанда халықаралық түркология конференциясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат TWESCO сайтына сілтеме жасап.

2018 жылдың 12-14 сәуір аралығында Татарстанда Қазан Федералды университеті (ҚФУ) «Түркі әлемі: түркі халықтарының тілі, әдебиеті, тарихы мен мәдениетіндегі мәселелер» тақырыбындағы IX Халықаралық түркология конференциясын ұйымдастырады.

Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған жиын ҚФУ жанындағы Елабұға институтында өтеді.

Конференция жұмысы негізінен 6 бағытта өрбиді деп жоспарланған. Олар: Түркі халықтарының әдебеті мен фольклоры, заманауи түркологияның өзекті мәселелері, Түркі халықтарының топонимдері мен ономастикасы, Лингвомәдениеттану мен аударма ісінің өзекті мәселелері, Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, Түркі тілдері мен әдебиетін оқытудағы жаңа үдерістер секілді тақырыптарды қамтиды.

Соңғы жаңалықтар