Татарстан тұрғындары аспандағы жарықтың қайдан шыққанына бас қатыруда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті тұрғындар Татарстанның бірқатар қаласының аспанында байқалған ерекше жарқылдың видеосын әлеуметтік желіге жүктеуде. Олардың айтуынша құбылыс 7 қаңтарда сағат 0:20 шамасында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат kazanfirst.ru сайтына сілтеме жасап.

Аспандағы жарық Набережный Челны, Нижнекамск, Елабұға, Чистополь, Альметьевск, Заинск, Менделеевский мен Мензелинскіде көрінген. 

Әлеуметтік желілерде жазушылар аспанның жарыққа бөленуін тіпті Ресейдің Киров облысында байқағанын айтады.

Кейбір татарстандықтар оқиға кезінде гүрілді естігендерін жазуда. Құбылыс кезінде айнала күндіз секілді жарық болып айқын көрінген, біраздан соң ол қызарып барып қайта қараңғылық орнаған.

Айта кетерлігі, таяуда БАҚ Жерге көп қабатты тұрғын үйдей көлемді метеорит жақындап қалғанын жазды. Зерттеушілер де аспан денесі атмосферада жанып, қалған бөлігі Атлант мұхитына құлауы мүмкін деп болжам жасауда. 

Соңғы жаңалықтар