Татарстан әншісі мешіт жанында түсірілген бейнебаянды желіден алып тастады

None
None
Татарстандық әнші Резеда Ганиуллина мұсылман өкілдері мен әлеуметтік желідегі азаматтардың наразылығын тудырған бейнебаянын YouTube желісінен алып тастады, деп хабарлайды rg.ru.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстан Республикасының муфтиінің бірінші орынбасары Рустам Батровтың айтуынша, әнші мұндай шешімді мұсылман өкілдерінің өтініші бойынша қабылдаған.

«Муфти Камиль хазрат Самигуллин шиеленістерді бейбіт жолмен шешуді жақтайды. Ол маған Резеда Ганиулинамен кеңесіп, мешіт жанындағы бейнебаянды алып тастау жөнінде өтініш білдіруді тапсырды. Менің өтінішімді әнші қабыл алып, жағдайдың осылай болғаны үшін кешірім сұрады»,-деп келтіреді Батровтың сөзін ТАСС тілшісі.

Сонымен қатар муфтидің орынбасары өздерінің бұл әрекетті қасақана жасалған емес, кейбір мәсеелерді түсінбегендіктен болған жағдай ретінде қабылдайтындығын жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Татарстан әншісі Резеда Ганиуллинаның мешіт жанында билеп түскен бейнебаяны жарияланып, ол әлеуметтік желіде азаматтардың наразылығын тудырған болатын.

Соңғы жаңалықтар