Тасмағамбетов РФ-мен ынтымақтастық жөнінде: туысы жақын жақын емес, қонысы жақын – жақын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (Университет) өткен шараны РФ-дағы Қазақстан Елшілігі ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қазақстандық дипломатиялық өкілдікке сілтеме жасап.



Жиынды бастаған Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов екі мемлекеттің байланысы тереңде жатқанын, осы уақыт аралығында берік  рухани негіз қалыптасып үлгергенін, сондай-ақ ширек ғасыр аралығында Қазақстан мен Ресей арасында 300-ге тарта екіжақты келісім жасалғанын ерекше атап өтті.

"Екіжақты байланыстың орнауы екі елдің мәселені шешуде қолданатын әрекет амалдарына байланысты. Өзге елдерде оң шешімін таппаған түйткілді мәселе Қазақстан мен Ресей арасында болған емес", - деді Иманғали Тасмағамбетов. Осы ретте елші «туысы жақын жақын емес, қонысы жақын - жақын»", - деген мақалды тілге тиек етті.



Өз кезегінде сөз алған ММХҚИ ректоры Анатолий Торкунов Ресей мен Қазақстан бұрыңғы кеңес мемлекеттері арасында қауқарын мықтаған мемлекеттер екенін айта келе,  тәуелсіздік алғалы бері ең жақын серіктес болғанына да ерекше тоқталды.

Ширек ғасыр ішінде Қазақстан мен Ресей арасында 300-ге жуық екіжақты келісім жасалды, олардың арасында екі ел арасындағы стратегиялық ықпалдастықты нығайта түсуге негіз салған келесі құжаттар бар: Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт (1992), ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы декларация (1998) және ХХ ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы келісім (2013).

Аталған шараға РФ Президент әкімшілігінің өкілдері, қос елдің дипломаттары, белді сарапшылары мен журналистер қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар