Тасмағамбетов пен Лавров елдердің БҰҰ ҚК-дегі әріптестігін талқылады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен екі елдің халықаралық аренадағы өзара әріптестігі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі ҚР-дың РФ-дағы Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының, сондай-ақ екі елдің халықаралық аренадағы, атап айтқанда, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы аясындағы өзара әріптестігінің өзекті мәселелері талқыланды. 

Тасмағамбетов пен Лавровтың кездесуі екі елдің дәстүрлі қатынастарына тән жылы әрі сенімді жағдайда өтті.

Айта кетелік, 18-19 қаңтар күндері Нью-Йоркте Қазақстанның бастамасымен БҰҰ ҚК-нің Ауғанстан мен Орталық Азия бойынша және жаппай қырып-жою қаруын тараптау жөніндегі отырысы өтеді.

Соңғы жаңалықтар