Тасмағамбетов «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісіне грамота табыстады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат -Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуде қазақстандық журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі хабарлайды.

«Игілікті және жауапты жұмыстарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің шығармашылық жұмыстарыңыз еліміздің тыныштығы мен тұрақты дамуына, азаматтық және патриоттық қағидаттардың қанат жаюына өзінің өлшеусіз үлесін қосып келеді»,- деп атап өтті Қазақстанның елшісі.

Салтанатты шара барысында И. Тасмағамбетов «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Медет Ахметовке, «Қазақстан» НТК Мәскеудегі тілшісіне, «Хабар» АҚ тілшісі мен операторы Дана Нұржанова, Александр Любителевке грамоталар мен естелік сыйлықтар тапсырды.

Соңғы жаңалықтар