Тасмағамбетов елордамыздың Сарыарқа төріне көшірілуінің басты себебін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тәуелсіздік тағылымы» атты тележоба барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов елордамыздың Сарыарқа төріне көшірілуінің басты себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана жай қала емес. Бұл еліміздің, халқымыздың бас қаласы. Оны көшіруде әрине, 90-шы жылдың ортасында Елбасы Парламентте дәлелдеп сөйледі ғой. Бірақ, ең басты нәрсені айта алмады. Мен бір жиында айтқан сөзімді тағы қайталағым келеді. Әз бабаларымыздың айтып кеткен сөзі бар.

«Еділді келіп алғаның, етекке қолды салғаның, Жайықты келіп алғаның, жағаға қолды салғаның». Сол кезде бас қаламызды Сарыарқа төріне көшірмегенде кім біледі не боларын? Көршілерімізде не болып жатқанын көріп отырмыз ғой. Шын мәнінде Есілді де аңсап қалатындай жағдайда болуымыз мүмкін еді. Сондықтан тарих шешімнің қаншалықты қазақ халқының мемлекеттілігіне қажет екендігіне бүгін де, келешек ұрпақ та өз бағасын береді деген ойдамын», - деді Тасмағамбетов.

 ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков те Астана жайында сөз қозғады. Сонымен қатар ол Президенттің бизнесмендерді шақырып, Астанада дүкендер, жанармай құю стансаларын салуға көндіргенін атап өтті.

«Өйткені, қала қараңғы болатын. Ал жанармай құю стансасы жарқырап тұратын. Қаланы жарықтандыруға қажет болды», - деп әзілдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар