Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -8 °С
Алматы: 5 °С
USD 318.99 EUR 393.70
RUB 5.62 CNY 50.28
Жаңалықтар

Ташкентте Жібек-Жолы қазақ-өзбек шекара бекетінің жобасы таныстырылды

2017 жылғы 16 қыркүйек 20:08 964
Бөлісіңіз:
Ташкентте Жібек-Жолы қазақ-өзбек шекара бекетінің жобасы таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасына жасаған сапары аясында Ташкентте екі ел кәсіпкерлерінің бизнес-форумы өтті. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге 500-ден астам кәсіпкер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Ташкентте Жібек-Жолы қазақ-өзбек шекара бекетінің жобасы таныстырылды
Сонымен қатар, Ташкент қаласында өткен бизнес-форум шеңберінде Қазақстанда өндірілетін өнімдерінің көрмесі өтті.

Өзбекстан астанасында кеше басталған көрмеге 90-ға жуық отандық компанияның өнімдері қойылған. Қазақстандық тауарөндушілер көрмеде тамақ және өнеркәсіп, инженерлік, машина жасау, фармацевтика және құрылыс заттары мен химия, металлургия, IT салаларындағы 500-ден астам өнімін ұсынды.


Ташкентте Жібек-Жолы қазақ-өзбек шекара бекетінің жобасы таныстырылды

«Өзэкспоорталық» көрме кешенінде өтіп жатқан көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар ірі кәсіпорындарының өнімдері қойылды. Атап айтқанда, кілем шығаратын «Бал Текстиль» фабрикасының, ұн және сүт өнімдерін өндіруде көшбасшылардың қатарындағы «Алтын Дән» ЖШС-ның,  «Шымкент цемент» және «Стандарт цемент» зауыттарының, ТМД-да бірінші ашылған вакуумдық пробиркалар мен екіжақты ине шығаратын «ЭкоФарм Интернешнл» компаниясының және «Химфарм» зауытының,  медициналық жабдықтардың 17 түрін шығаратын «Marai E7 Group» ЖШС-ның өнімдері қойылды», - деп мәлімдеді ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен.



Ташкентте Жібек-Жолы қазақ-өзбек шекара бекетінің жобасы таныстырылды
Сонымен қоса, көрмеде «АтаСтрой» құрылыс компаниясы Сарыағаш ауданындағы Жібек-Жолы шекара бекетін жаңғырту жобасын таныстырды. Құны 18 млн АҚШ доллары болатын жоба жүзеге асса, тәулігіне 30 мың адам емін-еркін екі ел шекарасынан өте алады.

ОҚО әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумына Оңтүстік Қазақстан облысынан өңір басшысы Жансейіт Түймебаев бастаған 150-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік және қаржылық ұйымдар өкілдері,  кәсіпкерлер бар. Бизнес-форум кезінде В2В форматында келіссөздер жүргізіліп, ондағы қатысушылар өзара іс-әрекеттер жақын болашақта өз нәтижесін береріне сенім білдірді.


Ташкентте Жібек-Жолы қазақ-өзбек шекара бекетінің жобасы таныстырылды
Ташкентте Жібек-Жолы қазақ-өзбек шекара бекетінің жобасы таныстырылды
Ташкентте Жібек-Жолы қазақ-өзбек шекара бекетінің жобасы таныстырылды


Ташкентте Жібек-Жолы қазақ-өзбек шекара бекетінің жобасы таныстырылды

Ташкентте Жібек-Жолы қазақ-өзбек шекара бекетінің жобасы таныстырылды

Ташкентте Жібек-Жолы қазақ-өзбек шекара бекетінің жобасы таныстырылды

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат