Ташкентте Қазақстандағы өнеркәсіптік революция туралы айтылды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына арнаған баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

Конференция барысында қазақстандық дипломат Өзбекстанның әлеуметтік-саяси, сараптамалық, ғылыми-академиялық және журналистік топтарының өкілдеріне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық қоғамды жаңғырту, қазіргі заманғы экономиканы қалыптастыру, демократиялық даму және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру туралы реформа жоспарын толықтырып жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, Ерік Өтембаев қонақтарды Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалардың, өнеркәсіптік революцияның жетістіктерін енгізу жолдарын, экономиканы цифрландырудың, ҚР-ның қол жеткізген жетістіктері мен табыстарының еліміздің саяси және экономикалық даму болашағына әсері туралы баяндады.

«Біз таяу уақытта Қазақстанда жүзеге асырылатын төртінші өнеркәсіптік революцияға арналған ҚР Президенті Жолдауының негізгі жағдайын талқыладық. Аталмыш бағдарламалық құжат елімізді индустрияландыруға, оны цифрландыруға, ең бастысы, мемлекеттің әлеуметтік рөлін нығайтуға, сондай-ақ кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуға жағдай жасау үшін 10 бағытты қамтиды», - деп атап өтті Ерік Өтембаев.

Іс-шара соңында қонақтарға арнайы өзбек тіліне аударылған ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы жазылған кітапшалар ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар