Ташкент Шымкентте жеке сауда үйін ашады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкент хокимияты мен Шымкент әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат Өзбекстан делегациясының Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары аясында рәсімделді, деп хабарлайды podrobno.uz .

Құжатта Ташкент қаласының Шымкентте сауда үйін ашуы, сондай-ақ Ташкент пен Шымкент қалалары арасындағы сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынасты дамытуы қарастырылған.

Сапардың мәдени бағдарламасы аясында ташкенттік әртістердің концерттері болып өтті. Сондай-ақ, Ташкенттің үздік аспаздары Шымкент пен Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарының тұрғындарына өзбек асханасының ұлттық тағамдарын ұсынған өзбек асханасының фестивалі өткізілді.

Ташкент хокимияты алдағы уақытта осындай іс-шараларды Алматы (Қазақстан), Ош (Қырғызстан)  және Ашғабад (Түрікменстан) қалаларында өткізуді жоспарлап отыр.  

Соңғы жаңалықтар