Тарихи тұлғаларды көзі тірісінде-ақ құрметтеу үйреншікті тәжірибе- Ғосман Төлеғұл

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тарихта есімдерін алтын әріптермен қалдырған тұлғаларды көзі тірісінде-ақ құрметтеп, әуежай, оқу орындары мен басқа да маңызды орындарға есімдерін беру әлемде бұл үйреншікті тәжірибе, оған Париж, Нью-Йорк, Ыстамбұл және көптеген қалалардың халықаралық әуежайлары дәлел. Бұл пікірді Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, Ақмола облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, Астана ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі кезінде еліміздің халықаралық қақпасы - әуежайдың Елбасы атымен аталуы орынды.

«Халықаралық аренада Елбасының беделі жоғары екені сөзсіз, БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты ретінде таңылған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесті, әлемде алғаш болып ядролық қару-жарақтан бас тартуы, елдер арасындағы бітімгершіліктің оң тәжірибелері мен басқа да оң істер арқасында танылуда», -  деп атап өтті Ғ. Төреғұл.  

Соңғы жаңалықтар