Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Тарихи музейде тұрған мумияны көмгелі жатыр

 Тарихи музейде тұрған мумияны көмгелі жатыр
2017 жылғы 13 қазан 11:02 570

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкектегі Қырғыз мемлекеттік тарихи музейінде сақтаулы тұрған мумия антропологиялық зерттеуден кейін көміледі, деп хабарлайды Кабар.

Мұндай шешім кеше, 12 қазанда мумияны көму жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында қабылданды.

Қырғызстан мәдениет, ақпарат және туризм министрі Түгелбай Қазақов атап өткендей, музейде 60 жылдан бері тұрған мумияға антропологтар мен зерттеуге қажетті құралдардың болмауы салдарынан ғылыми зерттеу жүргізілмей келген.

Мумияның сол күйі сақталуы үшін арнайы бальзамдау процедураларын жүргізу қажет. 

 

 

Басты сөздер: Қырғызстан, Мәдениет,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер