Тарбағатайда Ырғызбай Досханұлы мавзолейінің аумағын абаттандырады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  ШҚО Тарбағатай ауданында Ырғызбай Досханұлы мавзолейінің аумағы абаттандырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Дидалбек Оразбаев айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Біздің есебімізше, жылына мавзолейге 50 мыңдай адам келеді. Ресейден туристер көп келеді. Сондықтан біз электр, су жүргізіп, тұтастай аумақты абаттандыруға кірісіп кеттік», - деді әкім.

Мавзолейді абаттандыруға 20 млн теңгедей жұмсау жоспарлануда. Әкімдік   жол жөндеу, гүлдер егу, субұрқақ орнату  жұмыстарын жоспарға енгізген. Аңызға сәйкес Ырғызбай Досханұлы   белгілі емші болған.

Соңғы жаңалықтар