Тараздық жол полицейлер планшеттерге көшті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық прокуратурасы ӘҚБТ (Әкімшілік құқық бұзушылардың бірегей тіркелімі) бағдарламасын таныстырды. Ол құқық бұзушылардың хаттамаларын электрондық форматта рәсімдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық қадағалау органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокурорлардың бастамасымен Тараз қаласының әкімдігі ӘҚБТ қосымшасын орнату үшін алғашқы 15 ұялы құрылғы жиынтығын сатып алды және жол полициясы қызметкерлеріне хаттамаларды электрондық форматта рәсімдеуге үйретуді ұйымдастырды. Бүгіннен бастап жол полициясы қызметкерлері құқық бұзушыларды осы планшеттер арқылы рәсімдейді, деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

«Электрондық хаттамаға өтудің басты артықшылығы - азаматтар үшін ыңғайлы. Енді олар полиция ғимаратының, айыппұлды төлеу үшін банктердің табалдырығын тоздырмайтын болады», - деп атап өтті Тараз қаласының прокуроры Бекзат Сейілханов.

Қазір тек 15 құрылғы сатып алынды, болашақта жол полицейлері электрондық өндіріске толықтай көшеді, деп нақтылады Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар