Таразда жоғалып кеткен 27 жастағы әйел іздестірілуде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық ІІД бес күн бұрын 27-жастағы әйелдің жоғалғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Жамбыл облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасы 2017 жылдың 27 қаңтарында сағат 17:30-да Тараз қаласындағы Мәмбет батыр көшесінде орналасқан «Ауыл-Береке» базарының аумағынан шығып, оралмаған, 04.04.1990 жылы туған Тараз тұрғыны Абдуазимова Шахноза Ильхомқызы іздестіруде», - деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы.

Жоғалған әйелдің бойы 160-165 см, орташа денелі, көзі қоңыр, шашы қара болған. Басты белгісі - сол жақ бетінде қалы бар. Капюшоны бар сұр-жасыл түсті күрте, басына қара орамал, үстіне көйлек (хиджаб) және аяғына қара түсті жүні бар аяқ-киім киген. Берілген ақпарат бойынша, жоғалушы «Бек» базарының маңайындағы аялдамаға шыққан. Өзімен бірге қара түсті «Самсунг» ұялы телефоны болған.

Аталмыш дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеліп, қазіргі таңда іздестіру шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар