Таразда жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз қаласының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары мен батальон командирі ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қаласының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары мен осы бөлімшенің батальон командирінің қылмыстық қызметінің жолын кесті. Олар өздеріне сеніп тапсырылған бөлімшелерден үнемі пара алып келді деген күдікке ілікті», - делінген хабарламада.

Ведомстводағылар параның мөлшері 7 мыңнан 180 мың теңгеге дейін болған. Жалпы 300 мың теңге мөлшерінде пара алынған.

Қазіргі кезде есімдері аталған тұлғаларға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар