Таразда жаңа шағын аудандар салынады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда жаңа шағын аудандар салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымовтың қатысуымен өткен қала құрылысына қатысты жиында салынатын жаңа аудандар мәселесі көтерілді.

Жаңа 14 және 15-інші шағын аудандар облыс орталығына жаңаша сәулеттік көрік беріп тұр. 14-інші шағын аудан автовокзал ауданында, ал 15-інші Сүлейменов көшесінің соңында орналасады.

«Жалпы алғанда, 350-ге жуық көп қабатты тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ, медициналық, спорттық, білім және қоғамдық нысандардың құрылысы жүзеге асырылмақшы», - делінген хабарламада.

Нақты жоспарлар жобасына сәйкес, 14 шағын ауданының аумағында ойын-сауық сауда орталығы мен спорттық-сауықтыру кешені, балабақша, жалпы білім беретін мектеп, балаларды оңалту орталығы, емхана, 200 орындық онкологиялық диспансер, екі диагностикалық орталық, қонақ үйлер, кеңселер мен мейрамханалар, жиһаз және құрылыс гипермаркеттері, «Барлығы үйге арналған» дүкені, неке сарайы, алаңдар мен саябақтар, қоғамдық көлік аялдамасы, демалу мен серуендеуге арналған жағажай салынбақшы.

Бұдан өзге, болашақтағы 15-інші шағын ауданы орнында типтік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылыстары үшін 922 жер учаскесі бөлінген. Әрбір жеке тұрғын үйдің ауданы 125,116 және 80 шаршы метрді құрайды. Қазірдің өзінде инженерлік желілер мен келесі жылы пайдалануға берілетін  80 пәтерлі жеті тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті. 

Отырыс барысында 32,7 мың адамнан тұратын тұрғындар үшін екі өрт сөндіру депосын салу қарастырылғандығы айтылды.

Жыл сайын облыс орталығының ғана емес Жаңатас сияқты шағын қалалардың да инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдары жаңартылып отырады.

«ЕвроХим» халықаралық минералды-химиялық компаниясының пайда болуы кеншілер қаласының өмірін жандандырды. Келесі жылдан бастап қаладағы жартылай бұзылған және қараусыз қалған ғимараттарды қайта өңдеу жұмыстары қолға алынып, теміржол станциясы аумағында логистикалық орталық құру, сауда орталығын ашу жоспарланып отыр. Нәтижесінде тұрғындар санын арттыру да көзделген.  

Облыстық қала құрылысы кеңесінің мүшелері Тараз қаласының басты даму жоспарын түзету мәселелерін талқылады. 

Соңғы жаңалықтар