Таразда Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз театрында Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облыстық орыс драма театрының ұжымы «Жүректен жүрекке» акциясын жыл сайын ұйымдастырып келеді. Дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын акция барысында Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі, құлағы естімейтін және нашар еститін жандарға арналған «Мейірім» мектеп-интернаты, мүгедектерді арнайы түзету мектеп-интернаты, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру орталығымен Жастар мүгедектер қоғамының өкілдері жасаған туындыларынан көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. 

«Театрымызда өтіп жатқан «Жүректен жүрекке» акциясы Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған. Ол «Рухани жаңғыру» және «Мүмкіндігі шектеулі халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын интеграциялау және бейімдеу» мемлекеттік бағдарламалары аясында өткізіліп жатыр, - деді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық орыс драма театры директорының орынбасары Валерия Сон. - Қала тұрғындары мүмкіндігі шектеулі жандардың қолдан жасаған бұйымдарын сатып ала алуға мүмкіндік алған аталмыш көрме-жәрмеңкеге белсенді қолдау көрсетті. Біздің іс-шарамызға қатысқандардың барлығына алғысымыз шексіз».

Көрме жұмыстарынан бөлек, қатысушыларға Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі мен Тараз технологиялар және қызмет көрсету колледжнің студенттері фейс-арт өнерін ұсынды. Облыстық орыс драма театрының сахнасында ересектер мен балаларға Алексей Симуковтың «Ұшатын кеме» ертегісі қойылды.

«Ертегі желісі қалтасында соқыр тиыны жоқ, бірақ жүрегі махаббат, қайырымдылық пен мейрімге толы Иван туралы. Өн бойындағы адамгершілік қасиеттерінің арқасында ол айналасына адал достар жинай білді», - деді  Валерия Сон.

Акция соңы әртістер мен қонақтар арасындағы фотосессияға ұласты. 

Соңғы жаңалықтар