Таразда «Рухани жаңғыру» интерактивті кабинеттері ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараздағы Достық үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстандағы тұңғыш Аймақтық жобалық кеңсенің интерактивті кабинеттерінің тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Стратегиялық бағдарламадағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ашылып отырған шығармашылық кабинеттердің ашылу салтанатында жиналған жұртшылықты Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев құттықтады. Тұсаукесер рәсіміне ғылыми және зиялы қауым өкілдері, облыстық басқармалардың басшылары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері келді. Шараны облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.
null 

Жобалық кеңсе кез келген адамға «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен танысып, оған қатысуға мүмкіндік ашады. Достық үйінің екінші қабатындағы бүкіл фойе «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен» және «Ақпарат толқыны» бағдарламаларының жүзеге асырылуы мен жетістігін таныстыратын ақпараттық алаңға айналған.

Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасының мәліметінше, «Тəрбие жəне білім» атты интерактивті аумақтың цифрлық кітапханасында «100 кітаптың» бәрін тауып алып, қазақ тілінде оқуға болады. Мұнда сонымен қатар, латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің нұсқасын кездестіре аласыз. Компьютерлік білімін жетілдіргісі келетін кез келген адам ICILS (International Computer and Information Literacy Study) жобаларымен таныса алады.

null 

Интерактивті виртуалды музейге келген адамдарды «Рухани Қазына» күтіп алады. Мұнда Қазақстанның қасиетті орындарының виртуалды картасы, киелі орындары мен табиғаты туралы шағын фильм, өңір мәдениеті жайлы ақпараттық анықтама (мұражай, театр, кітапхана, концерттік ұйымдар) бар. Сонымен қатар, онда жәдігерлер мен экспозициялардың виртуалды нұсқасын көруге болады. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бұл жәдігерлердің дәстүрлі экспозициясы емес, тарих қойнауын мүлде бөлек қырынан көрсететін бағыт.  
null 

«Атамекен» интерективті аумағында видео тақта мен әлеуметтік жобалар бойынша мәлімет беру үшін ақпараттық дүкен орналастырылған. Онда Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еріктілер, меценаттар, бизнес-бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың өкілдері бас қосып, маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік ала алады.

Ақпараттық-талдау орталығында «Ақпарат толқыны» интерективті аумағын тамашалауға болады. 

Соңғы жаңалықтар