Таразда республикалық ақындар айтысы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында «Туған жер - тал бесігім!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сөз додасына Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл облыстары мен Астана қаласынан 20 ақын қатысып, шашасына шаң жұқпаған ақындар ұлттық өнерді ұлықтады.

Бір күн бойы «Баласағұн» сарайында көрермен мен тыңдарманын ерекше думанға бөлеген айтыстың бас жүлдесін жамбылдық жас ақын Дархан Әбдіманап иеленді.

Жүлделі бірінші орын қызылордалық Мұхтар Ниязов пен Жамбыл облысының дүлділі Нұрлыбек Құрмановқа бұйырды.

Ал, екінші орынға Шығыс Қазақстан облысының ақыны Рүстем Қайыртайұлы мен жамбылдық ақын Алтынкүл Қасымбекова лайық деп танылды.

Үшінші орынды елімізге белгілі  азулы ақындар  Айбек Қалиев пен Нұрмат Мансуров өзара бөлісті.

Соңғы жаңалықтар