Таразда «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына арналған кітап жарық көрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таразда «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының ғылыми-теориялық негіздері» атты жаңа оқу құралы жарық көрді. Кітап авторлары - тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынай Әбдіқадырова және ғылым магистрі Еділбек Әбдімомынов.

Кітапта түркілік дәуірден қалыптасып, бүгінде елімізді мекендеген барлық ұлт пен ұлыстарды ұйыстырып отырған «Мәңгілік ел» идеясының түп төркіні толыққанды баяндалып, оның мәні мен маңызы, мақсаты мен мүддесі төңірегінде орамды ойлар айтылған. Сонымен қатар, ғылыми-теориялық негіздері сараланып, түйін-тұжырымдар жасалған.

Оқу құралы 3 бөлімнен тұрады. Онда «Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздерін анықтаудағы ғылыми ізденістер, Алаш қайраткерлері мұраларындағы концептуалдық тенденциясының «Мәңгілік ел» мұратымен рухани үндестігі жан-жақты қамтылған. Сондай-ақ, белгілі ғалымдардың ұлттық құндылықтар жайындағы іргелі зерттеу еңбектері де топтастырылған.

«Мақсатымыз - студенттерге «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының дүниеге келуін, оның тарихи маңызын жете ұғындыру арқылы олардың азаматтық позициясын қалыптастыру. Бұл өз кезегінде жастардың ұлттық сана-сезімі мен патриотизмін дамытуға, олардың тарихи және әлеуметтік жадысын шыңдауға сеп болмақ. Бүгінде ұстаз қауымының алдына шәкірттерге «Мәңгілік ел» ұғымын eлімізді мекендейтін барлық халықтар қacтeрлeйтін жeтeкші идeя рeтіндe түсіндіріп, оның ғылыми нeгіздeмecін жacaп арнайы оқыту міндеті қойылды. Дәл оcы көзқaрac тұрғыcынaн қaрaғaндa eліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастарға өз мамандығына сай білім беріп қана қоймай, олардың ұлттық caнa-ceзімін қaлыптacтыратын арнайы оқу құралдары мен танымдық дүниелер шығару қажеттілігі туындап отыр», - деп атап өтті кітап авторлары.

Соңғы жаңалықтар