Таразда қымыз өндірушілердің Қауымдастығы құрылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ұлттық өнім - қымызды өндірушілердің «Қазақ қымызы» қауымдастығы құрылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақ қымызы» қауымдастығы қымыз өндіретін ұсақ тауар өндірушілерді ауылшаруашылық кооперативтеріне айналдыру мақсатында құрылды. Қауымдастық ұлттық өнімнің ел ішіндегі өндірісін ұлғайтып қана қоймай, оны шетелге экспорттауға қолғабыс ететін болады. Атап өтілгендей, қымыздың шет елдегі басты сатып алушылары - Ресей, Қытай, Венгрия және Австрия.

Қауымдастықтың қоғамдық кеңесінің алғашқы жұмыс отырысы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде (ТарМУ) өтті. Іс-шара барысында «Заң» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Дүйсенбек Ыбыналиев ұйымның мүшелеріне куәліктер табыс етті.

Қауымдастықтың құрметті президенті болып ТарМУ-дің ректоры Махметғали Сарыбеков сайланды, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен. Қауымдастық президенті болу «Заң» ЖШС-нің директор орынбасары Элмира Ыбыналиеваға жүктелді. Ұйымға барлығы 22 адам мүше болды.

 

Соңғы жаңалықтар