Таразда кәсіпкер азамат түрмеге есірткі алып кірмек болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы түзеу мекемелерінің біріне есірткі алып кірмек болған кәсіпкер қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, төтенше қауіпсіз мекемесінің қызметкерлерінен қулығын асырмақ болған кәсіпкер жазасын өтеушілерге 400 грамм естіркімен қатар ұялы телефон да жібермек болған.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Миржан Смағұловтың сөзінше, ЖД-158/7 мекемесінің тінту бөлмесінде ҚАЖ қызметкерлері жеке кәсіпкердің өндірістік мақсатта жеткізген түрлі материалдарына тексеру жүргізіп жатып, лакқа арналған екі метал ыдысқа ерекше назар аударады. Тексеру барысында лак толтырылған ыдыстың екі түбі бар екендігі анықталды. Ыдыстың бір жағынан полиэтилен қапқа оралған есірткі, екінші түбінен қуаттағышы бар ұялы телефон шыққан.

«Химиялық сараптама алынған заттардың арасында 400 грамм марихуана бар екендігін анықтады. Аталған факті бойынша жинақталған материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды»-деді М.Смағұлов.

Соңғы жаңалықтар