Таразда ішек таяқшасының бактериялары бар фаст-фуд сатқан әйелге айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз соты жеке кәсіпкерлікпен (ЖК) айналысушы әйелге санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін 680,7 мың теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс материалдары бойынша жеке кәсіпкер Т. Үйде майонезбен дайындалған фаст-фуд сатып, одан тұтынушылардың денсаулығына зиян келген. Сараптамаға сәйкес, жеке кәсіпкер өнімінің құрамында ішек таяқшаларының бактериялары бар екені анықталған. Яғни кәсіпкер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған.

Тараз қаласының әкімшілік соты Т. Ісінің материалдарын қарап шығып, оны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 425-бабы, 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, оған қызметін тоқтатпай, өнімін кәмпескелеусіз 300 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК 2269 теңгеге тең - ред.) немесе 680,7 мың теңге мөлшерінде айыппұл белгіледі.

Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар